Русский Қазақ English 中文 (中国)

Компания

Компания

Мемлекеттік емес мекеме (кейіннен, 2006 ж. бастап – ЖШС) – «Өнеркәсіптегі қауіпсіздік ғылыми-инженерлік орталығы» («НИЦ БП» МЕМ) 1998 жылы тау-кен, мұнай-газ өндіру салаларын дамыту үшін Қазақстан Республикасының аумағына келетін жабдықтарды бақылау, тексеру және бағалау мақсатында құрылды.

1999 жылдан 2012 жылға дейін МЕМ негізінде «НИЦ БП» ЖШС құрылды және Қазақстан Республикасындағы алғашқы сертификаттау бойынша Орган және тау-шахталық, мұнай-газ өндірістік жабдықтарды және машина жасау ілеспе өнімдерін сертификаттық сынау бойынша Базалық зертхана өз қызметтеррін атқарды.

2007 жылы ҚР ТЖМ төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау Комитеті «НИЦ БП» ЖШС-не тау-кен өндіру, мұнай-газ, мұнай-химиялық , химиялық және машина жасау салаларындағы өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында жұмыстарды жүргізу құқығына аттестациялау өткізді.

Бүгінгі күні компания белсенді даму үстінде, шет елдік жабдықтар мен материалдар жеткізушілері қатысатын ірі индустриалдық жобаларға қатысады.

Сізді ортақ қызмет атқаруға және өзара тиімді серіктестікке шақырамыз!

ӨНЕРКӘСІПТЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ҒЫЛЫМИ-ИНЖЕНЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ © 2019 Яндекс.Метрика