Русский Қазақ English 中文 (中国)

Қызмет Саласы

Қызмет Саласы

Өнеркәсіптік қауіпсіздік – бұл қоғам мүдделерін және тұлғаларды қауіпті өндірістік нысандардағы (ҚӨН) апаттардан және осындай апат салдарларынан қорғалу жағдайын қамтамасыз ететін «НИЦ БП» ЖШС-нің маңызды, басымдыққа ие қызметінің бағыты.

Біз тау-кен өндіру, мұнай-газ, мұнай-химиялық , химиялық және машина жасау салаларындағы жабдықтар мен тауарлардың өнеркәсіптік қауіпсіздік, сәйкестікті растау (сертификаттау) сараптамасын өткізу бойынша қызметтерді ұсынамыз.

Жабдықтардың сәйкестігін бағалау нәтижелері және оған қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары бойынша осы жабдықтың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі (немесе сәйкес еместігі) туралы негізделген қорытындылары бар қорытынды беріледі.

Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің оң сараптамалық қорытындысы ҚР аумағында техникалық құрылғыларды қолдануға Қазақстан Республикасының индустриалдық даму Министрлігі индустриалдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің мерзімсіз Рұқсатын алу үшін қажетті шарт болып табылады.

Рұқсат қауіпті өндірістік нысандарда белгілі бір техникалық құрылғыларды пайдаланатын кәсіпорындарға қажет болады және Қазақстан Республикасында жабдықтарды пайдалану үшін міндетті болып табылады.

Біз өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын әзірлеу бойынша жұмыстарды жүзеге асырамыз.

Декларациялау атқаратын қызметі тау, бұрғылау, жарылғыш жұмыстарына, пайдалы қазбаларды өндіруге және байытуға түрлі жер асты және гидротехникалық жұмыстарға тікелей қатысы бар кәсіпорындар жатады.

Сондай-ақ, бұл категорияға өндірісі қауіпті заттарды әзірлеуге, пайдалануға, қайта өңдеуге, тасымалдауға, сақтауға, жоюға байланысты кәсіпорындар жатады.

ӨНЕРКӘСІПТЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ҒЫЛЫМИ-ИНЖЕНЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ © 2019 Яндекс.Метрика