Русский Қазақ English 中文 (中国)

Өнеркәсіптік Қауіпсіздік

Өнеркәсіптік Қауіпсіздік

Компанияның заңнамаларға, нормативтік-техникалық талаптарға, тау-кен, мұнай-газ, мұнай-химиялық, химия және машина жасау салаларының қауіпті өндірістік нысандарындағы Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ережелер мен нормаларға сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізуге және қорытынды беруге құқылы:

  • құрылысқа, кеңейтуге, қайта құрылымдауға, техникалық қайта қаруландыруға, қауіпті өндірістік нысанын (ҚӨН) консервациялау және таратуға арналған жобалық құжаттама, сондай-ақ, жобалық құжаттамаға өзгерту енгізу кезінде;
  • ҚР-да қолдану Рұқсатын уәкілетті мемлекеттік органдардан алуымен, отандық және импорттық өндіріс технологиялары, техникалық құрылғылары, жабдықтары, материалдары;
  • қызмет мерзімін (куәландыруды) ұзарту мақсатындағы техникалық құрылғылар мен жабдықтар;
    • қысым астында жұмыс жасайтын ыдыстар;
    • бу және су жылыту қазандықтары;
    • жүк көтергіш механизмдер;
    • бұрғылау және мұнай кәсіпшілігінің жабдықтары.
  • мемлекеттік уәкілетті органнан тіркеу шифрын алуымен қауіпті өндірістік нысанның (ҚӨН) өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациялары;
  • Аттестат алуымен қауіпті өндірістік нысандарды (ҚӨН) пайдаланушы компаниялар, ұйымдар және заңды тұлғалардың мәлімдеме жасалған жұмыстар мен қызметтер түрлерінің ҚЕ талаптарына сәйкестігі.

Өткізілуі:

  • ҚЕ талаптарына сәйкестігіне технологиялық, техникалық, құжаттай аудиті;
  • технологиялық құрылғыларды, жабдықтарды, материалдарды түгендеу;
  • жұмыс орындарын аттестаттау.

Жасау:

  • қауіпті өндірістік нысанның өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациялары;
  • қауіпті өндірістік нысандардың, өнеркәсіптік кәсіпорындардың апаттық жою жобалары;
  • техникалық құрылғыларды, жабдықтарды және материалдарды қауіпсіз пайдалану және қолдану бойынша нұсқаулықтар;
  • қызметтік нұсқаулықтар, мамандар және жұмыстар түрлері бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нұсқаулықтар;
  • төтенше жағдайлар пайда болған кездегі және жою кезінде өндірістік нысандар қызметкерлерінің әрекеттері бойынша нұсқаулықтар;
  • ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес отандық (импорттық) техникалық құрылғылар мен жабдықтар төлқұжаттарының көшірме нұсқалары;
  • техникалық құрылғыларды, жабдықтарды жоспарлық-ескерту жөндеулері (ЖЕЖ).
  • өндірістік бақылау туралы ережелер.

Жұмыс түрлеріне келісімдер және рұқсат алуымен ұйымдардың құжаттарын қолдау және ӨҚ саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдарда технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды қолдану.

Жетекшілердің, мамандардың өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбек қауіпсіздігі және қорғау саласында, кен-металлургиялық, мұнай-газ, мұнай-химия, машина жасау саласында, қазандық шаруашылығын және қысыммен жұмыс жасайтын ыдыстар саласында оқытуды жүргізу және білімдерін тексеру:

  • тұрақты әрекет ететін емтихан комиссияларына арналған өнеркәсіптік қауіпсіздік (ТӘЕК);
  • ИТҚ құрамына арналған өнеркәсіптік қауіпсіздік;
  • еңбек қауіпсіздігі және қорғау;
  • өрт-техникалық минимум.
ӨНЕРКӘСІПТЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ҒЫЛЫМИ-ИНЖЕНЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ © 2019 Яндекс.Метрика